Солтүстік Қазақстандағы соңғы соғыс ардагері өмірден озды.  Сұрапыл жылдары фашистермен күрескен Федор Щеглов өмірден өтті, деп жазады Qazaqstan Media.

Федор Щеглов Приишим ауданындағы Новоникольское ауылында дүниеге келген. Ол майданға 1944 жылы, әлі 18 жасқа толмай жатып шақырылған. Соғыс жылдары оның әкесі мен ағалары да майдан даласында болған.

Федор Васильевич 371-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасты. Оның соғыс жолы Кёнигсберг маңында басталып, ол жерде бронебойшы қызметін атқарды. Жеңістен кейін де елге бірден оралған жоқ — әскери бөлім Қиыр Шығысқа, Жапонияға қарсы соғысқа жіберілді. Сол жерде ол екі рет жарақат алды. Көрсеткен ерлігі үшін Федор Щеглов II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде ол мұнай құбырларын салу ісіне атсалысты. Ардагердің артында бес немере, он үш шөбере қалды. 9 қаңтар күні Федор Васильевич 99 жасқа толар еді.

Тағы оқыңыз: СҚО -да бір түнде жолда қалған 10 адамды құтқарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *