Облыста қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың 70 пайызы «Севказэнерго» АҚ-ға тиесілі. Экологтар кәсіпорынның жұмысын саралады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Норма бойынша бұл ұйымнан экологияға бөлінетін қалдық көлемі 38 мың тоннадан аспауы керек. Әзірге көрсеткіштен асу жайты тіркелмепті.

«Қазіргі таңда «Севказэнерго» АҚ 21,8 мың тонна зиянды зат бөлген. Есептеулерге сәйкес, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 28 мың тоннаға жетеді. Яғни, бекітілген лимиттен 10 мың тоннаға аз», — деді СҚО бойынша экология департаментінің бөлім басшысы Асхат Мәпенов.
Демек, қоршаған ортаға алаңдамаса болады. Бірақ, табиғатқа деген жауапкершілік әрқашан болуы тиіс. Жасыл желекті, өзен-көлдерді күтпесек, зардап тигіземіз.
«2025 жылы «Севказэнерго»Экология министрлігі және Энергетика министрлігімен бірлесіп, жаңа жобаларды іске асырып жатыр. Оның ішінде 2-ші жылу электр орталығындағы құрылғыларды ауыстыруды көздеп отырмыз. Нәтижесінде ауаға бөлінетін лас заттардың көлемі 4,5-4,7 тоннаға азайуы тиіс», — деді «Севказэнерго» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Николай Максимов.
Сонымен қатар, кәсіпорын мамандары биыл 4 мыңнан астам ағаш отырғызып, Белое көліне 100 мың майшабақ жіберуді жоспарлап отыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жастар арасында АИТВ-ның алдын алуға арналған шара өтті

