СҚО-дағы қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Тайынша ауданындағы шошқа фермасында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

1 тамыз сағат 23:25-те Тайынша ауданының полиция бөліміне шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң 4 жұмысшының шықпағаны жайлы хабар түскен. Іздестіру шаралары барысында олардың денелері осы кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды. Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

«Аталған факті ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шошқа өсіретін кешеннің төрт қызметкері қаза тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x