СҚО дәрігерлері өкпе онкологиясына шалдыққан науқасты ауруханаға жатқызбаған

Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір тұрғындарымен кездесті. Жиында еліміздің бас дәрігері алдымен Қазақстандағы медицина саласының дамуы туралы баяндама оқыды. Кейінен өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Минстрге ең бірінші болып өңір тұрғыны Дүйсенбі Қайрат сұрақ қойды. Зейнеткердің сөзінше, оның қарындасы екі жыл бұрын өкпе онкологиясына шалдыққан. Науқасқа ота жасалып, өкпесінің жартысын кесіп алып тастаған. Ол Шал ақын ауданының тұрғыны. Былтыр қайта ем алу мақсатында Петропавлдағы онкологиялық ауруханаға жатуы керек болған екен. Бірақ өңір дәрігерлері тиісті талдауларды тек аудандық ауруханада тапсыруыңыз керек деп, емделушіні қайта облыс орталығынан бірнеше шақырым алыста орналасқан Шал ақын аудандық ауруханасы жіберген.

СҚО дәрігерлері өкпе онкологиясына шалдыққан науқасты ауруханаға жатқызбаған

«Біз амалсыздан қарындасымызды Сергеевкаға алып бардық. Жолда ол өзін нашар сезінді. Аман-есен жетіп, анализдер тапсырдық. Екі күн бойы жүріп қайта қалаға келдік. Алайда кешке жағдайы нашарлап жедел жәрдем шақырдық. Екпе екті. Біз ауруханаға алып кететін шығар деп ойладық. Бірақ келген фельдшерлер бізге алып кетпейміз деді. Онкологиямен ауыратындарды ауруханаға жатқызбайды сондай заң бар деді. Ал егер науқас өліп қалса ше?», — деді қала тұрғыны Дүйсенбі Қайрат.

Денсаулық сақтау министрі зейнеткерден өз әріптестерінің атынан кешірім сұрап, ешқандай заң жоқ екенін айтты.

СҚО дәрігерлері өкпе онкологиясына шалдыққан науқасты ауруханаға жатқызбаған

«Бұл жерде бұйрыққа қарап тұрған ешнәрсе жоқ. Бұл жергілікті жерде тиісті медициналық қызметті ұйымдастыру мәселесіне байланысты. Министрлікте мұндай заң жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл не деген құрметсіздік. Науқастың жағдайы нашар болса ешқандай заңға қарамай ауруханаға алып барып, дәрігерлердің бақылауында болуы керек. Өз араларыңызда бұл мәселені шешіңіздер. Енді қайталанбасын», — деді ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұл жерде қандай да бір түсініспеушілік болғанын айтып, өңір тұрғыны қажет болса жеке қабылдайтынын айтты.

Тағы оқыңыз:СҚО-ның тағы бір ауданын әйел басқарады: Аққайың ауданының әкімі ауысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x