СҚО дәрігерлері қан айналымы тоқтап қалған науқасты аман алып қалды

Солтүстік Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлері қан айналымы тоқтап қалған науқасты құтқарды. Қазір пациенттің жағдайы тұрақты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл туралы облыстық жедел жәрдем орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Оқиға 19-шы қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Цефазолин инъекциясын қойдырған тұрғынның денсаулығы күрт нашарлап, анафилактикалық шок алған. Жақындары бірден жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалды. Науқасқа көмек көрсету үшін Жұлдызбек Серіков және жүргізуші-фельдшер Рустам Қожахметов барды. Пациент жедел жәрдем көлігіне бөгде адамдардың көмегімен әрең жетті. 

«Тексеріс жүргізген дәрігерлер оның гемодинамикалық көрсеткіштерінің нашарлағандығын байқады. Машинада науқастың қан айналымы тоқтап қалған. Содан соң ACLS стандарттары бойынша кеңейтілген реанимациялық іс-шаралар дереу басталды. 20 минуттық реанимациялық әрекеттен кейін қан айналымы қалпына келтірілді», — деп жазылған әлеуметтік желіде.

Науқас көпсалалы қалалық аурухананың реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, стационарда ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: Референдум – ел үшін маңызды мәселелерді бірлесіп шешудің жолы – Ж. Тәжин

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x