24 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның ықпалы сақталады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі, деп жазады Qazaqstan Media. 

Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Синоптиктердің болжамынша, 25 желтоқсанда өңірде ауа температурасы күрт төмендейді. Түнде және күндіз 15–20 градус аяз күтілсе, облыстың батысында сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал 26 желтоқсанда түнгі уақытта аяз күшейіп, 25–30 градусқа дейін жетеді, облыстың оңтүстігінде шамамен 20 градус аяз сақталады.

Петропавл қаласында қар жауып, бұрқасын болады. 25 желтоқсанда желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы 25 желтоқсанда түнде және күндіз 17–19 градус аязға дейін төмендеп, 26 желтоқсанда түнде 27–29 градус аяз күтіледі.

Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдарда сақ болуға, алыс жолға шыққанда ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Тағы оқыңыз: Ауыл шаруашылығы министрі СҚО-дағы агроөндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *