Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Аблалиев Сәтжан Әйтенұлы көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары міндетін атқарған еді, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.
Аблалиев Сәтжан Әйтенұлы 1970 жылы, Атырау облысы Жылыой ауданы Биiкжал ауылында дүниеге келдi. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақстан қатынас жолдары университетiн инженер-құрылысшы, инженер-экономист мамандықтары бойынша тамамдады.
Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстiк-Ембi мұнай барлау экспедициясының орталық инженерлiк-техникалық қызметiнiң оператор-коллекторы болып бастады.
1996-2004 жылдары Қазақ көлiк және коммуникация академиясында түрлi лауазымдарда қызмет еттi.
2004 жылдан Автомобиль жолдары комитетiнде басқарушы лауазымдарды атқарды.
2012 жылдан Автомобиль жолдары комитетi төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
2021 жылғы 7 маусымнан Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.