2023 жылдан облыс әкімінің орынбасары болып келген Рүстем Құрманов Президент әкімшілігіне кетті. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп жазады Qazaqstan Media.
Рүстем Жомартұлы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1981 жылы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимск ауылында дүниеге келген. Көкшетау мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тамамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2003 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында жетекші маман болып бастады. Жалпы оның кәсіби жолы ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты.
2009-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі басқарушы лауазымдарда қызмет етті.
2018-2019 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды.
Солтүстікке әкім орыньасары болғанған дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі болып қызмет атқарды.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы қоқыс полигонында ер адам жарақат алды