Жамбыл ауданында өлкетану музейі ашылады. Нысан облыс әкімінің бастамасымен бой көтермек, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Сапар аясында ол аталған аймақтағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған бірқатар тапсырма берді.

Жамбыл ауданы халыққа еңбегі сіңген, ел мерейін асырған тұлғаларға бай өлке. Сондықтан, аталған аймақта мәдени нысандар көп болуға тиіс. Сондықтан, Ғауез Нұрмұхамбетов ауданда өлкетану музейін ашуды тапсырды.

«Жамбыл ауданы — халқымыздың біртуар перзенттері — Қожаберген жырау, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Сафуан Шаймерденов және Иван Шуховтың туған топырағы. Осы тарихи-мәдени маңызын ескере отырып, ауданнан өлкетану музейін ашу жөнінде жауапты мекемелерге тапсырма бердім», — деді облыс әкімі.

Халық елдің дамуына зор үлесін қосқан жерлестері жайлы білуі тиіс. Сондықтан мәдени нысанның тарихты дәріптеу зор көменін тигізері сөзсіз.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда алғаш рет оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік олимпиадасы өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *