СҚО әкімі Хорватия елшісімен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабановичпен кездесті. Олар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жыл басында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтті. Оның нәтижесінде энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салаларында байланыс орнатылмақ. Осылайша, биыл Қазақстан мен Хорватия арасындағы әріптестік  жаңа деңгейге шықты.

«Хорватия мен біздің өңір арасындағы ынтымақтастық әлеуеті орасан зор және бұл бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайын екенімізді білдірдім. Елші мырза да біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Хорватиялық инвесторларды «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында перспективалы жобаларды жүзеге асыруға шақырдым», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға көмекке келген түркістандық құтқарушы көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x