Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірді сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметімен танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өңір басшысы алдымен «Қызылжар су» ЖШС болды.  Ғауез Нұрмұхамбетовке су және кәріз желілерін жөндеу туралы ақпарат айтылды. Кейін «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар» коммуналдық кәсіпорнына барды. Сонымен қатар, Қызылжар ауданындағы «Есіл су» кәсіпорнының Соколов өндірістік учаскесіне де ат басын бұрды. Басшылық облыста атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, топтық су құбырларына қатысты түйткілді мәселелер көтерілді.

«Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Сумен қамту саласындағы мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қабылданатын болады», — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Петропвлда жеке үй өртеніп, әйел мен 2 бала қаза тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x