СҚО әкімі тұрғындарды ертерек көмір сатып алуға шақырды

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының тек 52 пайызы ғана көмір алып үлгерген. Яғни, қалғандары әлі қысқа дайын емес. Осы орайда өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындарды жылыту маусымына ертерек қамдануға шақырды, деп жазады Qazaqstan Media.

Алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізу үшін  солтүстік өңірде 35 млрд теңге бөлініпті. Оның 3,5 млрд теңгесі облыс, ал 5,7 млрд теңге республикалық қазынадан берілген. Ал қалғаны инвестициялық қаржы.

Энергетика және ТҮКШ басқармасы басышының мәлімдеуінше, әлеуметтік нысандардағы қазандықтар алдағы қысқа 98 пайызы дайын. Бұл нысандарға деп 140 мың тонна көмір сатып алыныпты. Бұл қажеттіліктің 96 пайызын құрайды. Алайда, өңір тұрғындары көмір алуға әлі асықпай отыр екен.

«Тұрғындар 209 мың тонна көмір сатып алды. Бұл — 52 пайызды құрайды. Қазіргі кезде көмір тұйықтарында 42 мың тонна өнім бар. Маусым айынан бастап, жылыту маусымы аяқталғанға дейін тұйықтарға көмір жеткізілетін болады», — деді энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев.

Баяндама барысында Данияр Қуанышбаев қазан айына дейін жылыту маусымына дайындық толқығымен ақяталады деп сендірді. Оның ішінде жоспарланған жыл желілерін жөндеу, электр және су желісін дұрыстау және қазандықтарды толық іске қосу бар. Бірақ, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеке сектор тұрғындары үшін алаңдаулы екенін жеткізді.

«Біз әрдайым көмірді ертерек алып, қысқа ерте қамдану керектігін ескертіп жатамыз. Алайда халық асықпай, суық түскен кезде отын алуға тұйықтарға келеді. Содан көпшілік дүрлігіп, түсініспеушілік туындайды. Мен бүгінгі жиынды пайдалана отыра, БАҚ арқылы халықты ертерек көмір сатып алуға шақырамын. Тұйықтарда қазір көмір бар», — деді өңір жетекшісі.

Тағы оқы: Петропавл ЖЭО мұржа 2025 жылдың қазан айында іске қосылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *