[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/58f6248e-ef62-4ebb-b63d-56580b981789-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

СҚО-ның әкімі Айдарбек Сапаров су басу қаупі жоғары Тепличное елді мекенінде және Петропавлдың бірнеше шағын ауданында болып, ондағы табиғаттың тосын мінезіне дайындық барысын көрді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ең алдымен өңір жетекшісі Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында болды. Мұнда Айдарбек Сейпілұлы су тасқынына қарсы қабылданып жатқан шаралармен танысты. Сондай-ақ, арнайы құрылыстардың қауқарын бағамдады. Кейін облыс әкімі Ойқала шағын ауданындағы бөгетте болды. 60-шы жылы салынған су қорғанысы күрделі жөндеуді қажет етеді. 2017 жылы болған су тасқыны кезінде нысан бүлінген. Биыл бөгетті ретке келтіру жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттама дайын, қазір сараптамадан өтуде. Айдарбек Сапаров қала әкімі Руслан Аңбаевқа бұл істі жеделдетуді тапсырды. Былғары зауыты және Заречный кенттеріндегі бөгеттерде де су тасқыны басталғанша дейін шешілуі тиіс мәселелер бар. Жалпы, қауырт маусым кезінде Сергеев және Петропавл су тораптарына баса назар аударылады.

“Сергеев су торабы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал Петропавлдағы нысанның сыйымдылығы 24,5 млн текше метрді құрайды. Алдағы уақытта су ағысы қатты болса, осы маңайдағы қозғалысты шектеу жоспарланып отыр”,-дейді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x