Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазтехмаш» зауытында «Sampo» маркалы комбайндарды шығаратын шетелдік компанияның басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Өңірімізге «Mahindra Group» концернінің өкілі, «Sampo Rosenlew» компаниясының бас директоры Девен Катария және коммерциялық директоры Сами Сеппала келді. Шетелдік меймандардың компаниясы «Қазтехмаш» зауытында «Sampo» маркалы комбайндарды шығарады. Кәсіпорын жылына 100 техника шығарады. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған.
«Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өндірісті оқшаулау үлесін ұлғайту, мамандарды оқыту және техникаға қызмет көрсету мәселелері талқыланды», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны ескі шиналардан түрлі мүсін жасайды