Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданындағы «Оқжетпес» балалар жазғы лагерінде болды. Мұнда жазғы демалыс маусымы ашылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Лагерьде балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Биыл демалыс орнының корпустары жөнделіп, аумағы  абаттандырылған. Бейнебақылау камералары орнатылды. Мұнда балаларға сапалы медициналық қызмет көрсетіліп, түрлі тақырыпқа арналған ойын-сауық бағдарламалар әзірленген.

СҚО әкімі демалысын лагерьде өткізді СҚО әкімі демалысын лагерьде өткізді СҚО әкімі демалысын лагерьде өткізді

Биыл 1–10 сынып оқушыларының 95%-ы түрлі демалыс және еңбекпен қамтылмақ. Бұл – 64 мыңнан астам оқушы.

Жазғы маусым облыстағы 10 лагерьде басталады, онда 6 мың бала демалады. Биыл өңірдегі 4 лагерь жаңартылған.

«Балалардың жазғы демалысы белсенді, мазмұнды әрі көтеріңкі көңіл-күймен басталғанына қуаныштымын. Біз әрбір баланың демалысы қауіпсіз, қамқор ортада өткен қалаймыз», — деп атап өтті облыс әкімі.

СҚО әкімі демалысын лагерьде өткізді

СҚО әкімі демалысын лагерьде өткізді

Тағы оқыңыз: Қазақстанда темекі қымбаттайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *