28-маусым — БАҚ қызметкерлерінің күні. Айтулы мерекеге орай облыс орталығында 60-тан астам журналист түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет пен халық арасында көпір атанған жандардың жұмысы оңай емес. Жаңалықтардың жаршысы болған мамандарға жылдамдық, ұшқыр ой мен сауаттылық қажет. Осы арқылы олар елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына өз үлестерін қосады. Ақпарат майданындағы қызметкерлерді атаулы күнмен өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, сала тізгініндегі жандарға табыс тіледі.

 

СҚО әкімі БАҚ қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады
СҚО әкімі БАҚ қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады

«Сіздердің барлықтарыңызды шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бұл – үлкен мереке. Шынымен де журналистердің жұмысы оңай емес. Сіздер әрқашан да алдынғы қатарда жүресіздер. Суық пен ыстыққа қарамайсыздар. Тек жақсы жаңалықтарды ғана емес бүкіл  мәселелерді қозғайсыздар. Біздің алдымызда үлкен жұмыстар тұр. Облыстың дамуына өз үлестеріңізді қоса беріңіздер»,-деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Шарада аталған салада талай жыл бойы тер төгіп жүрген тілшілер Мемлекет басшысының үкімімен орден, медальдарға ие болды. Солардың бірі — Өмір Есқали. Өз ісінің шебері журналистикада жарты ғасыр еңбек етіп келеді. Қаламгер өзекті туындыларымен тындарманның жүрегінен ойып тұрып орын алды. Тұрғындардың базыналарын мақалалары арқылы жергілікті әкімдік өкілдеріне жеткізді. Бүгін оған «Еңбек ардагері» медалі табысталды.

СҚО әкімі БАҚ қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады
СҚО әкімі БАҚ қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады

«Журналист болу үшін адам білімді болуы қажет. Әрдайым ізденісте болуы міндетті. Ештенеден қорықпауы тиіс. Халыққа тек ақиқатты ғана жеткізуі керек», -деді «Солтүстік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Өмір Есқали.

Облыс басшының қолынан QM редакциясының қызметкерлері де марапат алды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 460-тан астам үкіметтік емес ұйым бар

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *