Петропавлдың басты алаңында Наурыз мейрамын тойлауға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Солтүстікқазақстандықтарды осынау жарқын мерекмен облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көктемнің алғашқы айымен бірге түркі халқының жаңа жыл мейрамы да келіп жетті. Наурыз — көпшіліктің асыға күтетін мерекесі. Өйткені бұрын қыстан аман-есен шыққан халық осы мейрамда бір-бірімен қауышып, жылы лебіз білдіріп, амандық сұрасқан. Қыстан арнайы «ұзын сарыға» деп сақтаған тәтті-дәмдісін шығарып, наурыз көже пісірген. Сондықтан болар, бұл күннің маңызы ерекше. Оны жиналғандарды құттықтаған Айдарбек Сапаров та айтып өтті.

«Халқымыз Наурыз мейрамын жылдың басы, жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың бастауы деп санаған. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамының мәртебесі өсіп, ауқымы кеңейіп келеді. Ұлыстың ұлы күні – бірлігіміздің көрінісі және татулығымыздың белгісі. Баршамыз Наурыз мерекесін бір шаңырақтың астында тойлап келеміз. Наурыз – біздің халқымыз үшін әрқашанда  жаңару кезеңі болып саналған. Бүгінде барлығымыз бірігіп, елімізді дамыту жолында еңбек етіп келеміз. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде үлкен өзгерістер орын алып, жақсы  істерге жол ашылуда. Құрметті қауым! Наурыз мерекесі әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін. Ойлаған жоспарлар мен армандар орындалып, жаңа жылымыз жемісті болсын. Тәуелсіз еліміздің татулығы мен тыныштығы мәңгілік болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ардақты ағайын!», — деді өз сөзінде СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Түркі халқының жаңа жылы болап саналаты наурыз мейрамы бүгінде қазақ елі үшін жалпыұлттық мейрамға айналған. Бұл күні орыс,неміс, украин, татар және басқа да ұлт өкілдері бір-біріне қонаққа барып, төс қағыстырып, тілектерін жолдайды. Ал, биылғы жылы олар тіпті қазақтың бар жол- жоралғысын өз көздерімен көрді.

Шаһар тұрғындары мен қала қонақтары үшін бүгін алаңда тігілген киіз үйлердің есігі айқара ашық болды. Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров та оларды аралап, салт-дәстүрлерді тамашалап, жайылған дастарханнан дәм татты. Мәселен, ҚХА-ның облыстық филиалы құрған үйде «Тұсау кесу», ал Ғ.Мүсірепов атындағы кітапхана тіккен киіз үйде «Сырға салу» рәсімі көрсетілді.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x