Қарашаның 22-сі Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Ерболат Қаптаевты ұстады. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралған болатын, деп жазады Qazaqstan Media.
Ерболат Қаптаев бірнеше рет пара алғаны және ұйымдасқан қылмыстық топқа қолдау көрсетті деген күдікке іліккен.
Операцияның ҰҚК орталық аппаратымен бірлесіп жүргізілгені анықталды.
Qazaqstan Media редакциясына ұсталған адамның 23 қыркүйекте СҚО ҰҚҚК бастығының орынбасары қызметінен босатылғаны белгілі болды.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады