СҚО қорғаныс істері департаментінің экс-бастығы сотталды

СҚО қорғаныс істері департаментінің экс-бастығы Еркеш Бекбаевқа қатысты сот үкімі шықты. 700 мың теңге пара алған полковник енді 21 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еркеш Бекбаев 27 маусым күні сағат түнгі 11-лер шамасында Мамлют ауданы қорғаныс істері бөлімі жұмылдыру бөлімшесінің сержанты Хамзиннен 700 мың теңге сомасында пара алған. Осылайша ол қоластындағы маманның қызметін өсіруге уәде беріпті.

Сотта Еркеш Бекбаев өз кінәсін мойындады.

«Бекбаев Еркеш Хиззатұлы ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған параның отыз еселенген сомасы түріндегі айып тағылып, 21 000 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалсын», — делінген Ақмола гарнизонының әскери соты шығарған үкімде.

Сондай-ақ Еркеш Бекбаев өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан және «полковник» шенінен айырылды.

«Сот үкімі қыркүйектің 6-сы күні заңды күшіне енді. Егер ол белгіленген уақытта айыппұл төлемесе онда ол бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров.

Айта кетейік, кеше Еркеш Бекбаевтың орнына жаңа басшы тағайындалды. Енді Ернар Мейірханов СҚО қорғаныс істері департаментінің бастығы атанды. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да мәслихат депутаты сегіз айдан бері қамауда отыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x