Солтүстік Қазақстан аграрлық инновациялар орталығына айналып келеді. Бұл туралы өңір әкімі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған брифингте айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруда екі өндіріс ерекше рөл атқаруда. Жылына 370 мың тонна майлы дақылды өңдейтін «МаслоДел» зауыты және жалпы қуатын 92 мың тоннаға жеткізген «Евразиан Милк» сүт өнімдері кәсіпорны.

«Біз Президент тапсырмаларын орындау аясында өңдеуді тереңдетуді күшейтіп жатырмыз. Бүгінде СҚО-да жылына 370 мың тонна майлы дақылды өңдейтін «МаслоДел» зауыты табысты жұмыс істейді. Сондай-ақ «Евразиан Милк» кәсіпорны қуаттылығын 92 мың тоннаға жеткізіп, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр», – деді облыс әкімі.

СҚО нишалық бағыттарды да дамытып жатыр. «Север Агро LTD» құрғақ бие сүтін өндіретін фермасы – Қазақстандағы екінші жоба. Мұнда 400 бас қошум жылқысы бағылады.

Ал «Asyl Farms» тәжірибелік алқаптарында қант қызылшасының қанттылығы 20%-ға жетті. Болашақта өңірде жылына 1 млн тонна шикізат өңдейтін, 200 мың тоннаға дейін қант өндіретін зауыт салу жоспарда. Бұл қант импортына тәуелділікті айтарлықтай азайтпақ.

Облыста цифрлық ауыл шаруашылығының пилоттық аймағына айналып келеді.Өңір шаруашылықтары:жасанды интеллект, дрондар, онлайн-мониторинг, автоматтандырылған басқару жүйелерін кеңінен енгізуде. «Ақылды фермалар» жануарлар денсаулығын бақылаудан бастап, жем-шөпті дәл есептеуге дейінгі процестерді толық цифрландырады.

«Біздің ауыл шаруашылығы саласының жетістігінде ең алдымен еңбек адамдарының үлесі зор. Президенттің шешімімен Геннадий Зенченко мен «Мамбетов» КТ механизаторы Мұрат Қаражұмановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл – бүкіл өңір аграрийлеріне көрсетілген жоғары құрмет», – деді әкім.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 194 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *