Солтүстікқазақстандық құтқарушылар жолда көлігі қирап қалған шетелдік азаматқа көмектесті. Олар жолаушының көлігін жөндеп берген, деп жазады Qazaqstan Media.
Солтүстік арқылы Ригаға бара жатқан лативиялық азаматтың жүк көлігі Лавровка-Тайынша-Чкалово автожолы бойындағы Многоцветное ауылының маңында істен шыққан. Көліктің тежегіш жүйесі қатып, тоқтап қалған. Машинада 21 тоннаға жақын өнім тиелген екен. Жолда қалған шетелдік азаматқа Тайынша ауданы 14-ӨСБ өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі Олег Солодко көмектесті.
«Жедел және кәсіби іс-қимылдардың арқасында ақау жойылды. Компрессорды және жылу зеңбірегін пайдалана отырып қатып қалған жүйелерді жылытты. Ылғал сүзгісін ауыстырды. Содан кейін көлік өз бағытын жалғастырды», — деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Латвиялық жүргізуші Олег Простяков қиын сәтте көмек көрсеткені үшін құтқарушыларға алғысын білдірді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуына жол бермеді