СҚО құрылысшылары кәсіби мерекесін атап өтуде

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс құрылысшыларын кәсіби мерекемен құттықтап, сала мамандарына марапат табыс етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биылғы жыл өңір құрылысшылары үшін оңай болмады. Олардың мойынына үлкен жауапкершілік жүктелді. Мамандар су тасқынынан кейінгі инфрақұрылымды қалпына келтіріп, баспана тұрғызуда.  Құрылысшылардың тынымсыз еңбегінің арқасында қазірдің өзінде жаңа «Бірлік» шағын ауданында 285 тұрғын үй салынды, барлығы 700 үй бой көтермек.

СҚО құрылысшылары кәсіби мерекесін атап өтуде СҚО құрылысшылары кәсіби мерекесін атап өтуде

Облыстағы күрделі жағдайға қарамастан сала мамандары мектеп, жатақхана, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын салу және жөндеу бойынша 170 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруда.

«Өңірдің құрылыс кешені экономикалық жетістіктер қазынасына үлкен үлес қосуда. Солтүстікқазақстандық құрылысшылардың еңбегінің нәтижесі алдағы уақытта да облыс пен оның тұрғындарына сенімді қызмет ететініне сенімдімін! Кәсіби мереке құтты болсын!», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: Ақжар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x