СҚО-ға сенат депутаттары келді

Солтүстікке ҚР Парламенті сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев бастаған бір топ депутат келді. Олар облыстың индустриялық және инвестициялық әлеуетімен танысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Алдымен халық қалаулылары инновациялық жылыжай кешені мен қағаз өнімдерін шығаратын фабрикада болды.

Жалпы, облыста 755 миллиард теңгені құрайтын 46 инвестжоба жүзеге асуда. Жеті мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Жүк тиеу жабдықтары, ауыл шаруашылығы техникасы, нан өнімдері, керамикалық кірпіш және басқа да өнімдер өндірісі жолға қойылмақ.

СҚО-ға сенат депутаттары келді

Сенаторлар барған тағы бір нысан — Киров атындағы зауыт. Олар зауыттың өндірістік цехтарында болып,  , өнімді құрастыру және өңдеу процесін көре алды. Қазақстанда баламасы жоқ бұйымдардың үлгілері көрсетілді. Экскурсия барысында зауыт өкілдері инновациялық шешімдерді енгізу туралы айтып, келер жылға кәсіпорынның даму жоспарымен бөлісті. Қонақтар кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіпті дамытуға және тұтастай алғанда елдің қорғаныс қабілетіне қосқан үлесін жоғары бағалады.

СҚО-ға сенат депутаттары келді

Сондай-ақ сенат депутаттары ЖЭО-2-де болып, жол жөндеу жұмыстарының нәтижесін қарады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тіркелмеген қарумен заңсыз аңшылық құрған екі азамат ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x