СҚО-ға келген түркістандық қос азаматтан 1,5 келі «синтетика» тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері өңірге Түркістан облысынан келген ағайындылардан 1,5 келіден астам «синтетика» тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 Петропавлда Түркістан облысының екі тумасы ұсталды. Олар есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде буып-түюші болып жұмыс істеді деген күдікке ілінді. 20 және 22 жастағы ағалы-інілі жігіттерді тінту кезінде олардан ішінде ұнтақ тәрізді зат бар 55 түйіншек тәркіленді. Күдіктілер пайдаланған жалдамалы пәтерден тәртіп сақшылары ұқсас заттар мен есірткіні өлшеуге, буып-түюге арналған құрылғыларды тапты. Сонымен қатар ағайындылардың бірі көрсеткен орындардан полицейлер осындай түйіншектер салынған пакет пен жол қапшық тәркіледі.

 «Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 келіге жуық грамды құраған α-PvP және мефедрон есірткі екенін көрсетті. Бұл СҚО-да тәркіленген ең ірі партиялардың бірі. Есірткіні аса ірі мөлшерде сатпақшы болған күдіктілер қамауға алынды. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Тағы оқыңыз: 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *