Солтүстік Қазақстан облысында 25-ші қыркүйек күшті жел болады деп болжанып отыр. Сондықтан, төтенше жағдай департаменті мамандары тұрғындарға көшеде көп жүрмеуге кеңес береді, деп жазады Qazaqstan Media.
Болжам бойынша, 25-ші қыркүйекте оңтүстік-батыстан күштi жел соғады. Осыған байланысты төтенше жағдай департменті оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ескерту хабарламаларын жолдап жатыр.
«Қауіпсіздік шаралары:Көшеде көп жүрмеңіз, ағаштар мен электр сымдарының жанында тұрмаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, отты ашық жерлерде қолданбаңыз»,- деп жазылған хабарламада.
Сонымен қаьар, орманда, саябақта темекі тұқылын тастамауға кеңес береді. Себебі өрт қаупі жоғары. Ал, лолда абай болуға шақырады. Екпінді жел көлікті шайқалтуы мүмкін екен.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жарықтың бағасы тағы да көтерілуі мүмкін