Астанада гір спортынан ел кубогы өтті. Дүбірлі додада солтүстікқазақстандықтар төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
ҚР Кубогы 12-14 желтоқсан аралығында өткізілді. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысты. Сайыстың спортшылар үшін маңызы зор. Себебі, жеңімпаздар алда өтетін байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайды.
Жарыста СҚО спортшылары төрт алтын жеңіп алды. Олар: Анастасия Беседина, Олег Тельманов, Максим Курочкин және Кирилл Хрупин. Барлығы қарсыластарынан оқ бойы озық болды.
Жерлестеріміз 2026 жылы өтетін әлем, Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайды
Тағы оқыңыз: Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге бір айға тыйым салынды

