СҚО прокуратурасының базасында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі фронт-офис құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, фронт-офистің мақсаты — проблемалық мәселелерді зерделеу және өңірдің инвестициялық климатын жақсарту үшін әкімшілік кедергілерді жою.

2023 жылғы 18 шілдеде барлық мүдделі органдардың бірлескен отырысы өтті.

“Егер сіз жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар тарапынан инвестициялық жобаны іске асыру барысында бюрократиялық кідірістерге тап болсаңыз, қолданыстағы заңнама шеңберінде проблемаларды шешу үшін облыс прокуратурасына жүгіне аласыз.Байланыс телефондары: 36-03-83, 8-705-842-73-06 “, — деп таратты баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бүгіндері өңірде 51 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Тағы оқыңыз: Жарты жылда 151 адам жіті ішек инфекциясына шалдықты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x