СҚО полицейлері мексикалық туристке көмектесті

Ресейден Астана қаласына велосипедпен шыққан мексикалық Энрике Рамиреске солтүстікқазақстандық полицейлер көмек көрсетті. Олар туристті уақытша баспанамен қамтыған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

57 жастағы мексикалық турист Энрике Рамирес «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекеті маңындағы ағаш ішіне палатка тіккен. Оны 21 мамыр күні сол жерде кезекшілікте тұрған патрульдік полицияның аға инспекторы Асқар Сердалинов байқап қалады. Жаңбырдан кейін үсті-басы су болып қалған шетелдік азаматты тәртіп сақшысы бекетке ертіп әкеледі. Ыстық шай беріп, онымен сөздік арқылы ағылшын тілінде жөн сұрай бастайды.

 

«Мексикалық азамат Ресейден Астана қаласына бара жатқанын, кейін Саратов қаласындағы музыкалық фестивальге қатысатынын айтты. Су тасқынынан кейін ылғалды орманда киімдерін ұзақ уақыт кептіруге тура келген», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Сол күні полицейлер оған Петропавл қаласынан  уақытша баспана тауып берген. 22-ші  мамыр күні Энрике полиция қызметкерлеріне қамқорлықтары үшін алғысын айтып, жолға шықты.

Тағы оқыңыз: М. Жұмабаев ауданының мехбригадасы Заречный кентіндегі 70-ке жуық үйге жауапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x