Былтыр Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мас күйінде көлік жүргізген 1164 жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар, мас жүргізушілердің кінәсінен 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапса, 36 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жыл қорытындысы бойынша бұрын көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылса да қайта мас күйінде рөлге отырған 22 адам ұсталды. Бұл – Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабына жататын қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Осы баптың 1-бөлігіне сәйкес, олар бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.
Ал жаңа жыл мерекесінде облыс бойынша мас күйінде машина айдаған 5 жүргізуші анықталды.
Тағы оқыңыз: Облыстық балалар ауруханасында 267 млн теңгенің заңбұзушылығы анықталды