Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ауыс-түйіс! Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықтың директоры болып Байғұлов Мамадияр Шайзадаұлы тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мамадияр Шайзадаұлы 1973 жылы екінші қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Дарбаза ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша аяқтаған. 2020 жылы педиатрия бойынша интернатураны, ал 2012 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Астана медицина университетінің PhD докторантурасы мәртебесін алған.

Мамадияр Байгулов еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облыстық ауруханасының 5-соматикалық бөлімшесінде мейіргер болып бастаған. Әр жылдары Сергеев аудандық ауруханасында дәрігер-хирург, Шал ақын ауданының орталық ауруханасының директоры болып қызмет еткен.

Сондай-ақ, облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының, Аққайың аудандық ауруханасының басшысы қызметінде болды. Осы тағайындауға дейін Мамадяир Байгулов облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық өнерпаз халықаралық байқауда үздік атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *