Солтүстікқазақстандық тоғыз құрақшы дүниежүзілік көшпенділер ойынына барады. Олар ең ұзын көрпе тігіп, Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавлдық Ғалия Амантайқызы көп жылдар бойы есепші болып қызмет еткен. Ал құрақ көрпеше тігіп жүргеніне шамамен 10 жыл болыпты. Қыркүйек айында Ғалия Амантайқызы және тағы солтүстікқазақстандық 8 шебер Астана қаласында өтетін 5-Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатыспақ. Жалпы, бұл көпшенділер ойынына Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 500 құрақшы жиналмақ. Олардың әрқайсысы 2,5 метрлік 1-1 төр көрпеден тігіп, Гиннестің рекордтар кітабына енбекші.
«Былтыр Нұргүл Абылайханқызы деген шебер «Аламан құрақ» деген жобаны бастады. Оны мен инстаграмнан көріп, менде қатысамын деп жазылып алдым. Бірінші көрпені сонда тіктім. Енді биыл міне тағы да қатысып жатырмын. Біз Қазақстанның барлық құрақшылары былтырғы рекортты жаңартуды жоспарлап отырмыз. Әзірге, дайындығымыз жақсы», — деді Ғалия Амантайқызы.
Тағы оқыңыз:МӘМС жарнасын төлейтін қазақстандықтар үшін МРТ мен компьютерлік томография арзандайды