Жұмыс аптасы Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде тағайындаудан басталды. Өңір басшысының өкімімен Ерболат Мұратұлы Бекшенов Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп жазады Qazaqstan Media.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған Ерболат Бекшенов осыған дейін екі ауданда әкім болды. Одан қалды екі басқармада басшы болып еңбек еткен.
Ол Орталық Азия университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген. Еңбек жолын «Бекшенов» шаруа-фермерлiк қожалығы басшысының орынбасары болып бастады. «Ет» ЖШС-де маркетинг бөлiмiнiң меңгерушiсi де болды.
2006-2007жылдары Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округiнiң әкiмi болып қызмет етті.
Кейін Мамлют ауданына жұмыс ауыстырып, ол жақта Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары, ал 2007-2010 жылдары Мамлютка қаласының әкімі болып еңбек етті.
Ерболат Бекшенов сонымен қатар 2014 және 2018 жылдары аралығында Мамлют ауданының әкімі қызметінде болды.
2018-2021 жылдары облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды.
2021 жылы Айыртау ауданының әкімі лауазымын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Ерболат Бекшенов «Қызылжар су қоймалары» директоры болып қызмет етті.
Тағы оқыңыз: Петропавлда саяжайдағы үй өртенді