Петропавлда «Ауыл» партиясы облыс ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Әсіресе ардагер педагогтарға құрмет көрсетілді, деп жазады Qazaqstan Media.

«Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын –мұғалімдікі»- деп ақын Мағжан айтқандай, ұстаздарға құрмет көрсету керек. Ал, олардың кәсіби мерекелері қарсаңында қандай сый-сияпат болса да артық етпейді. Осы ұстаныммен «Ауыл» партиясының облыстық филиалы өңірдің бірқатар ұстазын марапаттады.

СҚО-ның бірнеше ұстазы «Ауыл» партиясынан марапат алды
СҚО-ның бірнеше ұстазы «Ауыл» партиясынан марапат алды

«Біз жыл сайын ұстаздарды, әсіресе ардагер педагогтарды мерекемен құттықтаймыз. Себебі ұстаз деген ұлы кәсіп иелері, әрдайым құрметке лайық. Бәрімізде осы ұстаздардың алдынан шықтық. Олар берген білім нәрін бойымызға сіңіріп, тәлім алдық. Бүгін біз оларға партияның 25 жылдығына орай, мерейтойлық медальдар тағатын боламыз»,- дейді партияның белсендісі Ақ-ләйлек Жаукина.

Ардагер ұстаздардың қатарында елге сыйлы, көпке таныс құрметті педагог- Сабыр Сеңкібаев та бар. Өмірінің басым бөлігін білім беруге арнаған ақсақалдың жастарға айтар ақылы, берер білім көп.  Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор.  Мектептен бастап университетте оқытушы болған. Мұғалімінен бастап  профессор атағын алған қарт мұғалім, бүгінгі іс шараға дән риза.

СҚО-ның бірнеше ұстазы «Ауыл» партиясынан марапат алды
СҚО-ның бірнеше ұстазы «Ауыл» партиясынан марапат алды

«Біз үшін бұл қос мереке. Қарттар күні және ұстаздар күні. Осы екі мерекені ұштастыра отыра, құрмет көрсетіп, марапат беріп жатқан «Ауыл» партиясына алғыс айтамын. Жалпы партия құрылғаннан бері мүшесімін. Аға буын өкілге әрдайым көп көңіл бөледі. Мұғалімге әр кезде құрмет көрсетілуі тиіс. Министр болсын, әкім болсын, ақын болсын барлығы ұстаздан білім алған. Мектептен тәрбие, тәлім алған»-дейді ардагер педагог.

Партиялықтар ұйымдастырған салтанатты іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Тағы оқыңыз: Айыртау ауданында ішімдік ішкен екі құрбының отырысы адам өлімімен аяқталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *