СҚО еріктілері ТМД елдерінің волонтерлері бас қосқан телекөпірді ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан мемлекеттерінің еріктілері қатысты, деп жазады Qazaqstan Media.

«Волонерлік – әлемдік тәжірибе» атты телекөпірді ұйымдастыру Солтүстік Қазақстан облысы еріктілерінің бастамасы болыпты. Кейін оны волонтерлердің ұлттық фронт-кеңсесі, облыс әкімдігі және еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі қолдаған.

Осылайша, телекөпірге Өзбекстан, Қырғызстан  және Әзербайжан елдерінің волонтерлері де қосылды. Басты мақсат – тәжірибе алмасу, өзара байланыс орнату.

Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстанда 10 мыңға жуық волонтер бар екен. Оның үш мыңнан астамы Петропавл қаласында тұрады. Еріктілердің алған бағыт-бағдарлары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, эковолонтерлер, қайырымдылықпен айналысатандар, жануарларды қорғайтын немесе жоғалған адамдарды іздеуге көмектесетін. Барлығы 50 волонетерлік клуб тіркелген. Жас ерекшеліктері мен ұлты, дініне қарамастан оларда мақсат та, міндет те бір ол – халыққа көмектесу, тұрмысты жақсарту.

Солтүстіктегі волонтерлер өздерінің беріктігі мен бірлігін, көктемгі су тасқыны кезінде көрсетті. Олар тұрғындарды, үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, тілсіз жаудан құтқаруға көмектесті.

«Тасқын кезінде күні-түні жұмыс істедік. Еріктілеріміз тұрғындарға көшуге, заттарын тасуға көмектесті. Құм салынған қаптарды тасып, бөгет салуға, тілсіз жаумен күресіп жүрген жандарға тамақ пісіріп, таратты. Одан қалды жеткізілген гуманитарлық көмекті іріктеп, мұқтаж жандарға жеткізді. Жалпы біздің қатарымызда жас баладан бастап зейнет жасындағы азаматтар да болды. Біз төтенше жағдай кезінде қайда хабарласып, қайда баруға болатындығы жазылған үнпарақтарды тараттық. Қиын кезеңде бір адамдай жұмылып, бірлігімізді көрсеттік», — деді телекөпірде сөз сөйлеген СҚО BIRGEMIZ волонтерлік фронт-кеңсесінің жетекшісі Анастасия Волкова.

Тағы оқыңыз: 40 минутқа пойыз кешіктірілді: Петропавл теміржол вокзалына бомба қойылды деген ақпарат тарады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x