«Солтүстік-Қазақстан ЭТК» АҚ электромонтерлері түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің халықаралық энергетиктер байқауында күмісті жеңіп алды. Сайыс Қырғызстан Республикасының Қаракөл қаласында өтті , деп жазады Qazaqstan Media.

Жарыс 27-30 маусым аралығында «Қырғызстанның ұлттық электр желісі» ААҚ филиалының Ыстықкөл электр желілері кәсіпорнының оқу-жаттығу полигонында өтті. Оған  Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан бригадалары қатысты.

Солтүстіктен турниде электромонтерлер Виктор Пархоцюк, Надияр Құнанбаев, Иван Ефименко, Валерий Шүкаев және Сергей Шаренков бақ сынады. Олар байқауда күміс жүлдені жеңіп алып, еліміздің намысын абыроймен қорғап шықты.  

 СҚО энергетиктері  халықаралық байқауда үздік үштікке енді
СҚО энергетиктері  халықаралық байқауда үздік үштікке енді

«Екі күн ішінде Солтүстік Қазақстан энергетиктерінің бригадасы дайындықтың жоғары деңгейін, жұмыстың үйлесімділігін және практикалық міндеттердің мінсіз орындалуын көрсетті.  Байқауда қазылар алқасы біздің команданың тапсырмаларын орындаудың шеберлігін, дәлдігі мен жеделдігін атап өтті», — деді «Солтүстік-Қазақстан ЭТК» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Динара Ходжаева.

Конкурстық бағдарлама үш негізгі кезеңнен тұрды. Тапсырмалар нақты жұмыс жағдайларына мүмкіндігінше жақын болды. Олар жәбірленушіні электр тогының әсерінен босатты, манекен-тренажерде реанимация жүргізуге дәрігерге дейінгі көмек көрсетті және ГКТП-10/0,4 кВ өртті сөндірді. Өңір құрамасында болған Виктор Пархоцюк «Үздік шебер» атағына ие болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда рұқсатсыз ағаш кескендер айыппұл арқалайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *