Төрт жылда бір келетін Қысқы Олимпиада ойындарына да аз қалды. Бүкіл әлем көз тіккен шараға өңірімізден конкимен жүгіруші Надежда Морозова қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Дүбірлі дода 6-22 ақпан күндері Италияның қос қаласында өтеді. Жарысқа 93 елден 3500 спортшы келеді деп күтілуде. Олар 16 спорт түрінен 195 медальді сарапқа салады.
Облыста Олимпиадаға қатысуға үш спортшы үміткер болды. Олар: Кристина Шумекова, Виталий Щиголев және Надежда Морозова. Оның ішінен тек бір спортшымыз ғана жолдама алды.
«Кристина Шумекованың Олимпиадаға баруға мүмкіндігі болды. Бірақ, ол ересектер қатарына өту әлі ерте екенін айтты. Виталий Щиголев өкінішке қарай, жолдама ала алмады. Надежда Морозова болса өзі жалғыз алты дистанция бойынша бақ сынайды», — СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова.
Тағы оқыңыз: СҚО-да дәрігерлер Жаңа жыл алдында тұрғындарға үндеу жасады

