СҚО-да жыл басынан бері 53 адамды көлік қағып кеткен

Жыл басынан бері СҚО-да 53 адамды көлік қағып кеткен. Салдарынан екі адам қаза тауып, 52 тұрғын түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық ПД мәліметінше, шамамен әрбір төртінші адам жақын келе жатқан көліктің алдында белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, зардап шеккен. Өңірде болған 15 жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілердің өздері кінәлі болыпты. Өткен 7 ай ішінде Петропавл аумағында 44 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Зардап шеккен жаяу жүргіншілердің 20-сы кәмелетке толмағандар. Сол себепті, тәртіп сақшылары азаматтарды ережені қатаң сақтауға шақырады.

СҚО-да жыл басынан бері 53 адамды көлік қағып кеткен

«Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты күшейткен. Сондықтан 12 тамыздан бастап өңір аумағында «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы басталды»,  – деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Жалпы облыста қаңтар айынан бастап жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 4719 жаяу жүргінші мен жаяу жүргіншіге жол бермеген 619 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Тағы оқыңыз:Солтүстік Қазақстанда 45 сотталушы диплом алды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x