Солтүстік Қазақстанда қазіргі кезде 24 жасөспірім жүктілік бойынша дәрігерлердің есебінде тұр. Олардың 18-і биыл тіркелген. Елімізде басталған репродуктивті денсаулық апталығы аясында, гинеколог мамандар жоспарланбаған жүктіліктіктің және жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу бойынша толық ақпарат беруде, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жоспарланбаған жүктілік жастар арасында көбіне жыныстық қатынас туралы сауатсыздықтан болып жатады. Олар үйдегі үлкендермен де, мектепте ұстаздарымен де бұл тақырыпта ашық әңгімелеспейді.  Сондықтан толық ақпарат алмайды, жаңсақ пікірде жүреді.

«Қыз-келіншектер орташа алғанда тұңғыш баласын 25-26 жасында туады. Ал жыныстық қатынасқа 15-16 жаста түседі. Жасөспірімдер көбіне гормондық дәрі ішсек, бедеулікке ұшыраймыз деп ойлайды. Бірақ ол қате ұғым. Дәрі ішуді тоқтатқаннан кейін бала көтеруге болады. Қорғаныш құралдары, ол тек жоспарланбаған жүктіліктен ғана емес, түрлі жұқпалы аурулардың да алдын алады. Әр адамның оргнизмі әр түрлі. Сондықтан гормондық дәрілер түрлі жастан беріледі. Тіпті кейбіріне 13 жастан да ішуге рұқсат», — дейді СҚО перинаталдық орталығы бөлімінің меңгерушісі Сәуле Мұстафина.

Жас қыздардың жүкті болуының басты себептерінің бірі –ата-анамен қарым-қатынастың болмауы, сенімсіздік екен. Сондықтан дәрігер балалармен ашық сөйлесуді, оларға барлық жағынан мән-жайды ашық түсіндіруді ұсынады. Психолог-педагогтардың көмегіне  жүгінуге болатындығын да еске салады.

СҚО-да жыл басынан 18 жасөспірім жүкті болып қалған
СҚО-да жыл басынан 18 жасөспірім жүкті болып қалған

«Біздің қабылдауымызға келген жасөспірім қыздардың анасы, «балам төсек қатынасында болмаған», дейді. Ал шындығында қызы жүкті болады немесе жыныстық жұқпалы ауру жұқтырған болып шығады. Сондықтан, бала мен ата-анасында еш құпия болмауы керек. Жасөспірімдерге арналған контроцепция ол тек мединалық мәселе емес. Ол әлеуметтік жауапкершілік, тәрбие. Балаларға ашық айтып, оң мен теріс тұстарын түсіндіре алсақ, жоспарланғабаған жүктілік аз болады, жыныстық жолмен жұғатын аурулар да азаяды», — дейді дәрігер.

Қазіргі кезде облыс дәрігерлерінің есебінде 24 жасөспірім жүктілік бойынша есепте тұр. Оның 18-і биыл тіркеуге алынған. Статистика бойынша жүкті болған жас қыздардың 60 пайызы босанып, ана атанады. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда 70 жастағы қария жаяу жүргіншілер жолағында зейнеткерді қағып кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *