СҚО-да жыл басталғалы сотталғандар 856 рет тәртіп бұзған

Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде 2074 бейнекамера орнатылған. Олардың көмегімен биыл сотталғандар тарапынан ішкі тәртіпті бұзудың 856 фактісі анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында түзету мекемелерінде бейнебақылау камералары арқылы 4043 тәртіп бұзушылық тіркеліпті. Оның 4023-і – сотталғандардың ұстау режимін бұзу фактілері. Олар: оқшаулауды, киім нысанын, жазаны өтеу тәртібін бұзу, қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбау сынды деректер. Тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әкелуге әрекет жасаудың бір, бейнекамера линзаларын қасақана істен шығарудың төрт және бейнекамера экранын жабудың 15 фактісі тіркелген. Ал осы жылдың басынан бері сотталғандардың ұстау режимін бұзуға қатысты 856 факті тіркелді.

Мекемелерден қашу немесе заңсыз кіру жағдайы болса, техника  бүлінген немесе қандай да бір затпен жабылған болса бұл туралы дабыл сигналы оператордың қашықтан басқару пультіне сигнал береді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әйел мен екі баласы иіс тиіп уланды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x