СҚО Айыртау ауданында Mercedes-Benz автокөлігі аударылып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға Айыртау ауылының маңында 8-ші шілде күні болған.Жол-көлік оқиғасы бойынша қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған. Аударылып қалған Mercedes-Benz автокөлігінің ішінде 39 жастағы ер азамат 42 жастағы әйелімен болған.

«42 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал 39 жастағы ер адам аудандық ауруханға жеткізілді. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адамның жағдайы ауыр. Қазір комада жатыр.

«Қазіргі уақытта ер азамат ес-түссіз ауруханада жатыр. Сүйектері сынған», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x