СҚО-да жеті млн теңгенің гербицидін ұрлаған жігіт ұсталды

Солтүстік Қазақстанда 200 литр гербицид ұрлаған ер адам ұсталды. Ол өзі жұмыс істейтін серіктестікті тонаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ұрлық Жамбыл ауданындағы серіктестіктердің бірінде тамыз айында орын алған. Полицейлерге жедел ақпарат түскен соң-ақ, сол бойынша жұмыс істеу барысында ірі көлемдегі ұрлық фактісі анықталды.

Тәртіп сақшылары, облыс прокурорларымен және 6637 әскери бөлімінің арнайы жасағының қызметкерлерімен бірлесіп, 29 жастағы петропавлдық басқарған Toyota Prado автокөлігін тоқтатты. Көліктен жалпы көлемі 200 литр болатын 40 канистр гербицид алынды.

«Қызылжар ауданындағы қоймадан тағы бір партия табылды. Ал Петропавл қаласындағы жалға алынған автотіркемеден ұрланған гербицидтерді құю үшін дайындалған бос канистрлер тәркіленді. Кейін осындай бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген 31 жастағы азамат ұсталды. Ұрланған гербицидтердің жалпы көлемі 460 литрді құрады. Келтірілген залал сомасы 7,6 млн теңгеге бағаланды», – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Ірі көлемде бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін адам жеті жылға дейін сотталуы мүмкін. Ұрланған мүлік тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін заңды иесіне қайтарылады.

Тағы оқыңыз: Елімізде балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін халықаралық зерттеу жүргізелді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x