СҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа телефон арқылы көмек көрсеткен

Облыстық жедел медициналық көмек орталығында 103-ке хабарласқан кезде қоңырауды ұстап қалу функциясы бар. Яғни, шақыртуды қабылдайтын диспетчер телефон арқылы науқасқа шұғыл көмек көрсетеді. Жуырда осы функция арқылы қызметкерлер солтүстікқазақстандықты құтқарып қалған, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық жедел медициналық көмек орталығына желтоқсанның 6-сы күні 23:04-те Қызылжар ауданының Большая  Малышка ауылынан   қоңырау  түскен.  61 жастағы ер адамның тамағына бір түйір ет тұрып қалған. Қоңырауды диспетчер Лаура Көжелдақова қабылдап, оның ұлына қалай көмектесу керек екенін егжей-тежейлі түсіндіріп берген. Нәтижесінде, жедел жәрдем қызметкерлері келгенше науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға қызылшаға қарсы 28 мың доза вакцина жеткізіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x