Солтүстік Қазақстанда жол жөндеп жүрген жүк тиегішпен жеңіл көлік соғылды. Салдарынан автомобиль жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media.
Қайғылы оқиға М. Жұмабаев ауданында төртінші шілде күні болған. Күндізгі сағат екілер шамасында республикалық маңызы бар «Булаево-Молодогвардейское» тас жолында Toyota маркалі көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, ZL-50 жүк тиегішіне соғылады.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл машинанынң 56 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталмыш факті ҚР ҚК «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестіріне тіркелді»,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.