СҚО-да электр энергиясының құны өсуі мүмкін. Бұл жайлы «СҚ ЭЖТҚ» бас директоры Александр Чекулаев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлда «СҚ ЭЖТҚ» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған тарифтік сметасының шекті деңгейін көтеру бойынша жария тыңдау өтті. Компания қазіргі таңда облыс орталығы мен өңірдің 8 ауданындағы 165 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді. Бас директоры жиынға қатысушыларға жарықтың құнын өсіруді ұсынды.

«Бұл әрекет компанияның шығыстарына, яғни, жұмысшылардың жалақысын төлеу, жабдықтарды жөндеу сияқты бағыттарға жұмсалады. Қазіргі таңда қондырғылар 84 пайызға тозып тұр. Шара бізге де тұтынушыларға да оң әсерін тигізеді», компанияның бас директоры Александр Чекулаев.
Болжамды тарифтік сметаның шығыстары заңнама талаптарына сәйкес жасалған. 2026 жылға арналған жобаланған тариф 1 кв/сағ үшін 15,34 теңгені құрайды. Тұтынушылар бұған дейін жарыққа 9,09 теңге төлеп жүрген Яғни, тариф 40 пайызға өсуі мүмкін.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жастардың құқықтық сауаттылығы тексерілді