Солтүстік Қазақстан облысында жаңбырлы ауа райы сақталады. Алдағы 3 күн бойы өңірде жауын жауып, қатты жел соғады деген болжам бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Синоптик мамандардың дерегінше, алдағы күндері өңірде күн салқын болады. Мысалы, ертең сынап бағанасы түнде 5-10, күндіз 13-18 градус шамасында болмақ. Сонымен қатар облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай түседі. Екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Кей жерлерде оның екпіні 23-28 метрге дейін бармақ.
«22 маусымда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Табиғи құбылыс әсіресе облыстың солтүстігі мен шығысында байқалады деп болжануда. Бұл күні түнде ауа температурасы — 5-10 жылы, күндіз – 13-18 градусты көрсетеді», — дейді Қазгидромет өкілдері.
Тағы оқыңыз: Әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балалар балабақшада тегін тамақпен қамтылады