Солтүстік Қазақстанда жыл басынан 242 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар алаңына келген СҚО ПД ЖПҚБ бастығы ӘлІбек Ғабдуллин айтып берді. Облыста күннен-күнге көлік саны артып келеді. Тиісінше, жол-көлік оқиғалары да артты. Айта кету керек, аймақта жайсыз оқиғалардың 90 пайызға жуығы рөл тізгіндеген жандардың кінәсінен орын алған.

СҚО-да жүргізушілердің кесірінен 15 адам қаза тапқан
СҚО-да жүргізушілердің кесірінен 15 адам қаза тапқан

«Жол көлік оқиғаларының салдарынан 330 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Жекелей тоқталсақ, 212 апат жүргізушілердің кінәсінен болды. Салдарынан 15 адам ажал құшты. Ал жарақат алғандардың саны 292 адамды құрайды. Балалардың қатысуымен 56 жағдай тіркелді. Өкінішке қарай, екі бала көз жұмды», деді Әлібек Ғабдуллин.

Жүргізушілердің бір тобы — жолда жарыс ұйымдастыратындар. Олардың кейбірі оңай жолмен ақша табам деп құстай зулайды. Тиісінше, өзінің де өзгенің де өмірін қауіп төндіреді.

«Ережеге сәйкес елді мекендерде көліктер үшін рұқсат етілген жылдамдық — сағатына 60 шақырым. Ал автобустар үшін 50-ді құрайды. Жылдамдықты асырғандар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша кодексінің 592 бабы байынша жауапқа тартылады. Айыппұл көлемі бес АЕК-ті құрайды»,-деді баспасөз алаңына келген спикер.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданына қоныс аударған әр отбасыға жағдай жасалған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *