Солтүстік Қазақстанда аудандық сот ішімдік ішіп алып, көлік тізгіндеген келіншекті 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 2025 жылғы 18 қаңтарда түнгі уақытта Булаев қаласында болған. Аудан тұрғыны мас күйде көлік жүргізген. Оны полицейлер тоқтатқан. Сол кезде келіншектің көлік құралдарын жүргізуге құқығы жоқ екені анықталды.

«Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, дәмханада спирттік ішімдік ішкенін айтты. Содан кейін таныстарын көлікке отырғызып алып, үйге қайтпақ болған», — делінген облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Сот қаулысымен әйел 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Белгілісі, келіншек медицина саласында еңбек етеді.  Бұрын жүргізуші куәлігін алмаған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл тұрғыны құдыққа құлап, мерт болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *