2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Петропавл қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 3200-ден астам адам жүргізу куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырды. Олардың 36 пайызы — яғни 1182 үміткер сынақтан сәтті өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға жоғары көрсеткіш. Биылғы емтихан нәтижелерін санаттар бойынша қарастырсақ. B санаты бойынша үш мыңға жуық үміткердің тек мыңнан астамы ғана сынақтан сүрінбей өтті.
C1 санаты бойынша 181 адамның 77-сі, С санаты бойынша 44 қатысушының тең жартысы емтиханды сәтті тапсырды. D1 санаты 36 үміткердің барлығы дерлік жүргізуші куәлігіне ие болды.
МХҚКО-да үміткерлерге бар жағдай жасалған. Мәселен, В санаты бойынша емтихан тапсырғысы келетін жандар үш бірдей жаңа көлікті таңдай алады. Олар: Chevrolet Cruze, Chevrolet Cobalt және Chevrolet Nexia.
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық жас құтқарушылар халықаралық жарыстан олжалы оралды