СҚО-да жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды. Бұл болашақ аналарға маңызды кезеңді қауіп-қатерсіз өткізуге таптырмас орын, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шалғай ауылда тұратын, айы-күні жетіп отырған жүкті әйелдер орталыққа жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында болады. Оның ішінде алдыңғы жүктілігі ауыр өткен аналар басты назарда. Сонымен қатар, мұнда әйелдер босануға алдын ала дайындала алады.
«Салауатты ана» пансионатында босанатын әйелдер кезі жақындағанда акушерлердің бақылауында болады. Сәбиін қолына алғаннан кейін де оңалту шаралары жүргізіледі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 24 млн қайың мен қарағай егіледі