Биыл Солтүстік Қазақстан облысында жаңа зауыттың құрылысы басталады. Нысан «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағынан орын теппек. Мұндай жаңалықты облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Дархан Әмрин өзінің FaceBook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде «Kazkran» ЖШС «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушы ретінде тіркелді. Тізім бойынша олар он бірінші болып жазылды, тиісті куәліктерін алды. Жылдық қуаттылығы 100 бірлікті құрайтын кәсіпорын жүк көтергіштерді шығарумен айналысады. Ашылғаннан кейін 150 адам жұмыспен қамтылмақ» , — деп жазды Дархан Әмрин.
Жаңа зауытты салу жұмыстары биыл басталады. Пайдалануға беру мерзімі 2024 жылдың 4 тоқсанына қарай жоспарланып отыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар 26 елге визасыз бара алады